ІІМ "Қазақмыс" нысандарындағы ұрлық схемаларының жолын кесуде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қанмен сүйреген”: Жатақханада 16 жасар студент әлімжеттіктен көз жұмды

«Қанмен сүйреген”: Жатақханада 16 жасар студент әлімжеттіктен көз жұмды
Фото: sn.kz

Ақтөбеде 16 жастағы студент Нұрдәулет Мырзалының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл туралы 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасы айтты.

Марқұмның туыстары жасөспірім әлімжеттіктің құрбаны болды деп есептейді. Нұрдәулет фельдшер мамандығында білім алған. Ата-анасының айтуынша, қайғылы оқиға болған түні оны жоғары курс студенттері жатақхананың фитнес залына апарып, соққыға жыққан. Сондай-ақ олар жедел жәрдемді дер кезінде шақырмай, болған жағдайды жасыруға тырысқанын алға тартты.

Әкесі Руслан Сейсенбаевтың сөзінше, студенттер Нұрдәулетті алдымен бөлмесіне апарып, кейін ғана вахтаға түсірген. Туыстары жатақханадағы бақылаудың әлсіз екенін және мұндай әлімжеттік жағдайлар бұрын да болғанын айтты.

Марқұмның әпкесі Римма Елеусізова бұл оқиғаға ұқсас жағдайдың бұған дейін де тіркелгенін жеткізді.

“Жертөледен екінші этаждағы бөлмесіне алып бара жатқан кезде біреу көріп шыңғырған. Қанмен сүйреп алып бара жатқан. Сосын оны көріп бөлмесіне тығып қойған. Сосын ақпан айында бір бала осылай өлген. Ол өлгенде кешірім берген де, сонымен жауып тастаған”, – деді Римма Елеусізова.

Қазір іс “денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойынша тергеліп жатыр. Бір студент күдікті ретінде қамауға алынды. Марқұмның жақындары оқиғаға қатысы бар өзге студенттер мен жауапты қызметкерлердің де жауапқа тартылуын талап етуде.

Колледж әкімшілігі ішкі тексеру басталғанын хабарлады. Оқу орны басшылығы студенттердің тәртібіне жауапты бірнеше қызметкердің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал тұрмыстық себептен туындаған болуы мүмкін.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.