KZNews.kz
Саясат

"Баталов кетіп Шарлапаев келді" – «Атамекен» ҰКП президиумының жаңа төрағасының өмірбаяны жарияланды

Жарқын Омаров
Фото: «Самұрық-Қазына» АҚ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде палата президиумының жаңа төрағасы борлып 2025 жылдың қыркүйегінде Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылған Қанат Шарлапаев сайланды, деп хабарлайды kznews.kz.

2022 жылдан бері палата президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келді.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, «Сити» инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары - «Сити» инвестбанк акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2014-2015 жылдары – «Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары - Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары - Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020-2022 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.

Үйленген, 3 баланың әкесі.

2022 жылғы 2 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Банк саласында 17 жыл жұмыс өтілі бар.

2023 жылы 3 қыркүйекте Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.

2025 жылдың қаңтарында Қазақстанның регби федерациясының президенті қызметіне тағайындалды.

2025 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары