"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қанат Бозымбаев балаларды оңалту орталығын жасау туралы ұсыныс айтты

Қанат Бозымбаев балаларды оңалту орталығын жасау туралы ұсыныс айтты

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденциясын балаларды оңалту орталығы жасауды ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Панфилов ауданында аудан тұрғындарымен кездесу өткізген Қанат Бозымбаев «Сөз реті келгенде айта кетейін, осы Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясы тұр. Жерінің көлемі 1 гаектар. Маған сол резиденцияның қажеті жоқ. Ауданда қонатын жап-жақсы қонақ үйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмханалар көп. Сондықтан резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының өмір сүруі үшін әр сәтін күреспен өткізіп жатқан, ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-анаға өте керекті орталық болар еді. Орталық жеке меншік бола ма, мемлекеттік бола ма, бәрібір, ең бастысы оның дұрыс жұмыс істеп кеткені маңызды. Сондықтан өтініш, ұсыныстар болса, қарастыруға дайынмын», - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Жалпы Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы салынған. Бір қабатты ғимараттың көлемі 910 шаршы метр. Жер аумағы 1 га.

Автор
Еркебұлан