Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаламқастағы өрт туралы жаңа деректер пайда болды

Қаламқастағы өрт туралы жаңа деректер пайда болды

Өңірлік ТЖД ұңғыма емес грифонның жанып жатқанын алға тартты.

Қаламқас кен орнында бірде бір ұңғыманы жалын шарпыған емес. Ол жерде жанып жатқан - грифон. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД азаматтық қорғау бөлімінің бастығы подполковник Бекболат Әбдіқадыров хабарлады, деп жазады Zakon.kz аймақтық "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, кен орнында биіктігі 10-15 метрге жететін газды-сулы бұрқақ жанып жатыр. Ол 900 шаршы метр аумақты құрап отыр. Қоспаның осыншама аумаққа жиналуына атқылау себеп болған.

- Грифон №8237 ұңғымаға жақын орналасқан, бірақ оны жалын шарпыған жоқ. Бұған дейін өрт газды-сулы қоспаны сөндіруге арналған арнайы техника мен өрт насосты станциясымен сөндірілген болатын. Бірақ ауа-райының қолайсыздығы мен грифоннан шығып жатқан қарқынды жер асты суларының себебінен оң нәтиже болған жоқ. Осыған байланысты Атырау облыстық ТЖД газды-сулы өртті сөндіруге арналған автомобильді жұмылдыру шешімі қабылданды. Сағат 19:00 қосымша күш-құралдар ретінде жіберлген Атырау облыстық ТЖД жедел тобы ТЖ орнына жетті. Қызыл жалынды сөндіруге бағытталған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Бекболат Әбдіқадыров.

Грифон – сулы таужыныстан жерасты суының жоғарыға шапшып атқылауы.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


kaz.zakon.kz
Автор
Жандос