Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" акцияларын үкіметке "сыйлауға" әзір

Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" акцияларын үкіметке "сыйлауға" әзір

"Самұрық Қазына" қоры басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев "Қазақтелеком" ұлттық компаниясының акциялары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты azattyq порталына сілтеме жасап.

Бұның алдында Қазақстан үкіметі компания акцияларының 28,8 пайызын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарған. Бұл акцияларға Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Skyline Investment Company S.A және Alatau Capital Investment компаниялары арқылы иелік етеді.

Алмасадам Саткалиев бұл акцияларды ол үкіметтен алғанын еске салды.

— Қайрат Сатыбалды акцияларды үкіметке "сыйлауға әзір" екенін білеміз. Сосын үкімет ол акцияларды не "Самұрық Қазынаға", не басқа шешім қабылдайды. Біз үкімет шешімін құптаймыз, — деді Сәтқалиев.

Қайрат Сатыбалдының ол акцияларды қайтарғысы келетін оның ұсталуына байланысты ма деген сауалға "Самұрық Қазына" қорының басшысы жауап бермеді.

Компания акцияларының мемлекет меншігіне өтетіні туралы мәлімет 12 сәуірде тарады. Ал 13 наурызда Қайрат Сатыбалды "қызмет бабын асыра пайдаланды", "Қазақтелеком" қаражатын талан-таражға салды" деген күдікпен ұсталды. Екі күннен соң астаналық сот оны екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары