Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Нұртас қазақ күресінен чемпиондық белбеуге таласады

Қайрат Нұртас қазақ күресінен чемпиондық белбеуге таласады

Қазақстандық әртістер Наурыз мейрамы кезінде қазақ күресінен "Өнер барысы" республикалық турнирінде бақ сынайды.

"Өнер барысы" республикалық турнирі 21 наурызда "Дәулет" спорт кешенінде өтеді. Чемпиондық белбеуді жиырмаға жуық өнер жұлдызы сарапқа салады. Ережеге сәйкес, дүбірлі додаға 16-36 жас аралығындағы жұлдыздар қатыса алады.

Боз кілемде әншілер Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Амангелді Өтешов, Нұрболат Абдуллин, вайнер Мейіржан Төребаев, актерлер Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Еркебұлан Дайыров, айтыскер ақын Әлібек Серғалиев және тағы басқалары белдеседі.

Турнирді Астананың мәдениет және спорт басқармасы, қазақ күресінен Қазақстан федерациясы, "Хабар" телеарнасы мен "Айтыс – асыл мұра" қоғамдық қоры ұйымдастырады.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Мадияр