Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайын әпкесіне сәлем салудан бас тартқан келін күйеуін сотқа берді

Қайын әпкесіне сәлем салудан бас тартқан келін күйеуін сотқа берді
toibastar.com

Жамбыл облысында келіннің сәлем салудан бас тартуы жанжалға ұласып, іс сотқа дейін жетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жуалы аудандық соты ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі ("Отбасы-тұрмыстық қатынастарда былапыт сөз айту") бойынша істі қарады.

Оқиға үйлену тойы кезінде басталған. Күйеуі жұбайынан өзінің үлкен әпкесіне дәстүр бойынша сәлем салуды сұраған, алайда келін бұл өтінішті орындаудан бас тартқан. Үйге оралғаннан кейін ер адам әйеліне балағат сөздер айтып, тіпті қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін алып кетуді дөрекі түрде талап еткен.

Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, жұбайынан кешірім сұрады. Нәтижесінде тараптар татуласып, іс өндірістен тоқтатылды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер