Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Нұртас тұңғыш қызының 18 жасын Мальдивте атап өтті

Қайрат Нұртас тұңғыш қызының 18 жасын Мальдивте атап өтті
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас отбасымен бірге Мальдив аралдарында демалып жүріп, тұңғыш қызы Сезімнің 18 жасқа толған мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі ерекше күннің әсерлі сәттерін әлеуметтік желіде жариялап, кешкі ас кезінде қызына жүрекжарды тілегін арнады. Сондай-ақ Қайрат Нұртас Қазақстанда алдын ала дайындап қойған сыйлықтарын да атап өтіп, Сезімге пәтер мен автокөлік тарту етілгенін жеткізді.

Ал анасы Жұлдыз Әбдукәрімова видеода қызының өнер жолынан гөрі ғылым мен білімге жақын екенін айтып, ақ тілегін білдірді.

«Біліміңді жетілдіріп, өзің қалаған іспен айналыссаң болғаны. Ең бастысы — өз жолыңды табу», — деді ол.

Отбасының демалыс кезіндегі видеосы желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Көпшілік жылы лебізін білдіріп, бақытты отбасыға ақжарма тілектерін жолдаса, кейбір оқырмандар Сезімнің киім үлгісіне қатысты сын пікірлер де қалдырған.

«Қызы сәл жабық киінсе жарасар еді»,
«Әкесінің қасында ыңғайсыз көрінеді»,
«Мұндай образ ерсілеу», — деген жазбалар да кездеседі.

Сонымен қатар бірқатар желі қолданушылары әкесінің құшағында тұрған сәтте Сезімнің қысылып қалғанын байқағанын айтып, әзіл-оспақ пікірлер қалдырған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.