KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев лауазымды қызметке тағайындалды

• Азамат Қойшығара
Фото: Қайрат ФК

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт федерациясы – IBSA-ның Атқарушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тиісті шешім 2026 жылғы 3 тамызда өткен IBSA Атқарушы кеңесінің отырысында ұйым Жарғысының 6.13-бабына сәйкес қабылданған.

IBSA – көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спорт түрлерін дамытумен айналысатын халықаралық ұйым. Федерация әлемнің 100-ден астам еліндегі ұлттық спорт ұйымдарын біріктіреді.

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қайрат Боранбаевтың халықаралық федерацияның басқарушы органына қосылуы еліміздің паралимпиадалық қозғалыстағы ықпалын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бұл тағайындау халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, көру қабілеті бұзылған спортшыларды қолдауға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге және Қазақстанның әлемдік параспортты дамытуға қатысуын кеңейтуге жол ашады.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →