Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Боранбаев иелік ететін McDonald’s-тың болашағы не болмақ?

Қайрат Боранбаев иелік ететін McDonald’s-тың болашағы не болмақ?
Фото: kursiv.media

Қазақстандағы бұрынғы McDonald’s негізінде құрылған I’M жылдам тамақтану желісі халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компания иесі Қайрат Боранбаев Shanyraq 2025 бизнес-форумында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, желіні басқаратын Food Solutions компаниясы қазір шетелдік нарыққа шығуға арналған франшиза мен серіктестік келісімдерін әзірлеуде. Компанияның басты бағыты – көршілес елдер емес, Дубай мен Қытай сияқты ірі әрі бәсекелі нарықтар.

«Біз халықаралық экспансияға дайынбыз. Әңгіме Қырғызстан немесе Өзбекстан емес, Дубай мен Қытай туралы болып отыр», – деді Қайрат Боранбаев.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 25 I'M мейрамханасы жұмыс істейді. 2025 жылдың соңына дейін тағы төрт жаңа нүкте ашу жоспарланған. Желінің өзінде шамамен 2 мың адам жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, I’M бренді 2023 жылдың қаңтарында McDonald’s атауынан бас тартқаннан кейін пайда болды. Ребрендинг аясында атау мен логотип өзгеріп, апостроф белгісі жүрек пішінінде жасалған. Компания жаңа брендті қазақстандық нарыққа бейімдеп, жергілікті стиль мен мағына беруге тырысқанын айтады.

Food Solutions сонымен қатар өнімнің жергілікті құрамын барынша арттыруды көздеп отыр. Компания Қазақстандағы жеткізушілермен ынтымақтастықты күшейтіп, тағам өнімдерінің локализациясын 100%-ға дейін жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, I'M бренді Таяу Шығыс пен Қытай нарығына шыққан жағдайда Қазақстандағы қоғамдық тамақтану саласы үшін бұл маңызды қадам болмақ. Себебі отандық брендтің жаһандық нарықта танылуы елдің гастрономиялық және іскерлік имиджін арттыра алады.

Осылайша, I'M желісі тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық деңгейде де Қазақстаннан шыққан табысты фастфуд брендіне айналуды мақсат етіп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.