Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Путин Трамптың Будапештте кездесуден бас тартуына қатысты пікір білдірді

Путин Трамптың Будапештте кездесуден бас тартуына қатысты пікір білдірді

Ресей Президенті Владимир Путин Дональд Трамптың Будапештте кездесуден бас тартуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Путин журналистердің Трамптың екіжақты кездесуден бас тартуы туралы сұрағына жауап бере отырып, Трамптың өз мәлімдемесінде кездесуді кейінге қалдыруды меңзегенін айтты.

Ресей президенті Будапешттегі саммитті ұйымдастыруды Трамптың өзі ұсынғанын атап өтті.

Путин АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкцияларына қатысты да пікір білдірді. 

“Бұл қысым көрсету әрекеті. Бірақ өзін құрметтейтін ешбір мемлекет пен ешбір халық ешқашан мұндай қысыммен шешім қабылдамайды. Әрине, Ресей өзін құрметтейтін елдер мен халықтар тізімінде”, – деді Путин.

Сондай-ақ Путин Трамппен Ресей мұнайын тасымалдауға қатысты жағдайдың әлемдік, соның ішінде АҚШ-тағы бағаларға әсері туралы сөйлескенін атап өтті. 

 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.