Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Путин Тоқаев пен Назарбаевты жаңа жылмен құттықтады

Путин Тоқаев пен Назарбаевты жаңа жылмен құттықтады
Фото: ғаламтордан

Ресей президенті Владимир Путин Рождество мерекесі мен алдағы 2026 жылға байланысты бірқатар шет мемлекеттердің басшыларына құттықтау жеделхаттарын жолдады. Бұл туралы Кремль мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Құттықтау алғандар қатарында ТМД және Орталық Азия елдерінің жетекшілері бар. Атап айтқанда, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттеріне құттықтау жолданған. Сонымен бірге Абхазия мен Оңтүстік Осетия басшылары да тізімге енген.

Бұдан бөлек, Владимир Путин бірқатар алыс шетел мемлекеттерінің лидерлеріне де жаңа жылдық және рождестволық құттықтау хаттарын жіберді. Олардың арасында Қытай төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ президенті Дональд Трамп, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва, сондай-ақ Үндістан, Индонезия, Вьетнам, Венесуэла, Куба, Моңғолия, Лаос, Мьянма, Сербия, Словакия, Эфиопия және Оңтүстік Африка Республикасының басшылары бар.

Кремльдің мәліметінше, құттықтау жеделхаттары бұрынғы мемлекет және үкімет басшыларына да жіберілген. Олардың қатарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Кубаның экс-көшбасшысы Рауль Кастро, Арменияның бұрынғы президенттері Роберт Кочарян мен Серж Саргсян, сондай-ақ Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шрёдер бар.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.