Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесінің марапат парағын табыстады

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесінің марапат парағын табыстады

Аталған құжат Ресей Қорғаныс министрлігінің архивінен алынған

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа оның әкесі Кемел Тоқаевқа қатысты маңызды тарихи құжат – Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған марапат парағын табыстады, деп хабарлайды Kznews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған құжат Ресей Қорғаныс министрлігінің архивінен алынған. Онда гвардия сержанты Кемел Тоқаевтың көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғаны жазылған. Алайда ол атақ оған берілмеген.

Соған қарамастан, Кемел Тоқаев Польша жеріндегі ұрыстарда көрсеткен қайсарлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Айта кетейік, Кемел Тоқаев үшін Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылдың қаңтарында Польшада аяқталған. Оның соңғы шайқасының мән-жайы Ресей Қорғаныс министрлігі құпиясыздандырған марапат парағында нақты көрсетілген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.