Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында мемлекет басшылары саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды қамтитын екіжақты күн тәртібін қарастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің алдағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа ерекше мән берілетінін айтты.

Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, Ресей халқын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады. Ол бұл мерекенің тарихи әрі рухани маңызы зор екенін атап өтіп, соғыста қаза тапқан батырларды еске алудың маңызын айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанда бүгінде Ұлы Отан соғысына қатысқан 57 ардагердің ғана қалғанын айтып, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың нығайып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ресей соңғы бес жылда Қазақстан экономикасындағы басты инвесторлардың бірі болып отыр. Биыл екі ел арасындағы тауар айналымы 30 миллиард доллардан асады деген болжам бар.

Президент гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа да тоқталып, «Сириус» мектептері Астана, Алматы және өзге өңірлерде ашылғанын айтты. Сондай-ақ туризм саласындағы байланыстардың да белсенді дамып жатқанын жеткізді. Былтыр Қазақстанға ең көп турист келген ел ретінде Ресей бірінші орын алған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.