KZNews.kz
Саясат

Путин Астанаға келеді

KZNEWS

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді , - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары