Дональд Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел деп атады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Пушкиннің өзінен кейін ешкім жатпаған ба?": Желіде Жүрсін Ерман жайлы әңгіме айтылды

"Пушкиннің өзінен кейін ешкім жатпаған ба?": Желіде Жүрсін Ерман жайлы әңгіме айтылды
Фото: Бауыржан Халиолла

Әлеуметтік желіде ақын Бауыржан Халиолла Жүрсін Ерманмен болған әсерлі оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның жазбас көпшілікті күлдіріп, түрлі пікірге түрткі болды.

"Бұрын Жүкеңе біз еркелеуші едік, енді ол бізге еркелейді... "Пушкин" қонақ үйіне жатқызып кеттім. "Керемет, жып-жылы екен" деп қалған. Түске таман алып кетуге келсем "Мына қонақ үйге Пушкиннің өзінен кейін ешкім жатпаған ба? Сұп-суық, тоңып қалдым" дейді. "Қалай суық? Ең таңдаулы, қымбат қонақ үй еді ғой" деп сұрап жатсам, қызы "Уайымдама, таңда өзі терезе ашқан. Сосын дұрыс жаппай жатып қалған. Саңылаудан аздап жел соққан" дейді. Жұртты күйдіреді, бірақ өзінің терезені дұрыс жаппағанын айтпайды сонда", - деп жазды Бауыржан Халиолла.

Көпшілік Жүрсін Ерманның қағытпа қалжыңын сүйіспеншілікпен қабылдаған.

"Жүкеңе бәрі жарасады", "Жүрсін ағаның ел арасындағы осындай әңгімелері керемет", "Қартайғасын адам солай болады. Еш айыбы жоқ", - деп жазды желідегі жұрт.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер