Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ПСЖ алғаш рет УЕФА Суперкубогын жеңіп, Франция тарихына енді

ПСЖ алғаш рет УЕФА Суперкубогын жеңіп, Франция тарихына енді

Париждің "ПСЖ" футбол клубы тарихында алғаш рет УЕФА Суперкубогын жеңіп, бұл трофейді иеленген Франциядағы тұңғыш команда атанды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Финалдық матч 13 тамызда Италияның Удине қаласында өтті. Ақтық сында париждіктердің қарсыласы ағылшынның "Тоттенхэм Хотспур" клубы болды.

Ойын өте тартысты өрбіді: лондондықтар 39-минутта Микки ван де Вен және 48-минутта Кристиан Ромеро соққан голдардың арқасында 2:0 есебімен алда тұрды. Алайда ПСЖ матчтың соңына қарай қарымта қайтара білді. 85-минутта Ли Кан Ин есеп айырмасын қысқартса, қосымша уақытта Гонсалу Рамуш таразы басын теңестірді.

Трофей тағдырын пенальти сериясы шешті. Луис Энрикенің шәкірттері 4:3 есебімен дәлірек соққылар орындады. Шешуші голды Нуну Мендеш соқты, ал "Тоттенхэм" сапында Ван де Вен мен Матис Тель өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады.

Бұл жетістік ПСЖ үшін тарихи сәт болды — клуб алғаш рет УЕФА Суперкубогын жеңіп қана қоймай, Франция футболының тарихына осы трофейдің алғашқы иегері ретінде енді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.