Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Психикалық дамуы тежелген балалардың тілдік дамуының ерекшеліктері
Автор: Нұрбекқызы Гаухар
Бағыты: Логопед, дефектолог Бөлімі: Презентация Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-01-16
Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед және дефектолог мамандарға көмегі тиеді.
Психикалық дамуы тежелген балалардың тілдік дамуының ерекшеліктері
«Қаратөбе мектеп-гимназиясы» КММ
Баяндама
Тақырыбы:
Дайындаған: мұғалім-логопед Нұрбекқызы. Г
Психикалық дамуы тежелген балаларға тән белгілер: Тез жалығу және шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттің төмендеуі;Сезім мен еріктің жетілмеуі; Жалпы мәлімет пен елестету қорының шектелуі;Сөздік қорының жеткіліксіздігіИнтеллектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптаспауы;Ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы;Қабылдаудың баяулауы;Сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы;Ақыл – естің барлық түрлерінің бұзылуы;Өзін – өзі бағалау деңгейінің төмендігі
Оқушының сөйлеу тілін мінсіздендіргенде немесе қалыптастырғанда сөйлеу тілінің дұрыстығына, анықтығына, нақтылығына үлкен мән беру керек. Оқушының байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда, мінсіздендіруде халық ертегілерінің алатын орыны ерекше. Сол ертегілердің негізінде көрініс қою, әңгімені сахыналау байланыстырып сөйлеу тілін дамытады. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді. Психикалық дамуы тежелген оқушыларға халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдануда төмендегідей негізгі жағдайлар ескерілуі қажет:аталған халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет;кемістік түрі мен деңгейі назарға алынуы тиіс;балалардың қызығушылықтары да назарда болуы керек;
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.