Баяндама «Жаңа ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы»

Баяндама «Жаңа ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы»
Автор: Кабиева Назымгуль Тлеубековна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Мақала Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-27
Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың интеллектуалдық дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал. Мысалы олар: 1. Логикалық тізбек ойындары. Сәбилер топтарына арналған: «Заттардың қатарын жалғастыр»,«Қуыршақтың моншағы», «Шарбақ», «Көңілді поезд», «Ағаштар», «Үйректер». Ересек, дайындық топтарына арналған: «Керекті фигураны тап», «Сылдырмақтар», «Көпбұрыш және дөңгелектер», «Қызықты геометрия». 2. «Лабиринт ойындары». 3. «Контурлық бейне». 4. «Графикалық ойындар». ертегі әлемінде ерекше құм жауыны жауып және құм желі есуі мүмкін.Бұл өте жағымды.Сендер өздерің осындай жауын мен желді істеулеріңе болады. Қараңдар, бұл қалай болады. Бала жайлап, содан соң жылдам құмды өз жұмырдығынан құмжәшікке ересектердің алақанына, өз алақанына шашады. Бала көзін жауып және құмға саусақтарын ашып алақанын қояды, ересек адам қандай да бір сауасағына құм себеді, ал бала осы саусақты атайды. Содан соң олар рөлдерімен ауысады. және тағы баска көп ойындар бар
Бүгінгі күні мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойының толық даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Ақыл - ойы толық дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, жаңа ортада өзін жақсы сезінеді. Сол себепті білім беру әрекетін ұйымдастыру барысында зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамыту және жаттықтыруға көп көңіл бөлінеді. Дамыту ойындарын педагогикалық процесте қолданылуы білім беру әрекетін қайта құруға бағыттайды. Әдеттегі сабақтан, балаларды үлкендермен ұйымдастырылған немесе өзіндік ойын іс-әрекетіне көшіреді. Дамыту ойындарын қолдануда дидактикалық оқыту кемиді, керісінше, балалардың қызығушылығы,ойынмен айналысу тілегі артады. Мектеп жасына дейінгі балаларға мекемеде қажетті жағдай жасаудың бір түрі - үлкендермен жағымды эмоционалдық бейнелі қарым-қатынас жасау. Балалар үлкендермен бірлесіп ойын ойнауы, қызықты ойын тапсырмаларын орындау, ойынға қажетті құралдардың әдемі, ашық безендіріліп жасалуы мектепалды мекемесінде қуанышты көңіл-күй туғызады.Ереже бойынша, ойын үлкендерді қуанышты көрермен ретінде ғана қалдырмайды, сонымен бірге өзінің шығармашылық ынта-жігерін жүзеге асыруға көмектеседі. Балалардың интеллектуалдық дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал. Мысалы олар:
- Логикалық тізбек ойындары.
- «Лабиринт ойындары».
- «Контурлық бейне».
- «Графикалық ойындар».
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.