«Жетісу» футболшыларының ұятсыз әрекеті жабайылық па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Псевдопсихологтар Аймағамбетов әзірлеген заңнан кейін аяқ тарта ма?

Псевдопсихологтар Аймағамбетов әзірлеген заңнан кейін аяқ тарта ма?
Фото: ашық дереккөздерден

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Психологиялық қызмет туралы" жаңа заң әлеуметтік желіде өзін психолог, коуч немесе түрлі "энергетикалық емші" ретінде таныстырған адамдардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейтті.

Осыған дейін қысқа мерзімді курстарды тәмамдап, кәсіби біліктілігі болмаса да психологиялық көмек көрсетіп келгендердің қызметі қоғамда жиі сынға ұшырап келген еді. Сарапшылар мұндай кеңестердің кей жағдайда адамның психикалық жағдайын ушықтыруы мүмкін екенін бірнеше рет көтерген.

Жаңа заңның бастамашыларының бірі болған Асхат Аймағамбетов құжаттың негізгі мақсаты психологиялық көмекті кәсіби стандартқа көшіру, азаматтарды жалған мамандардан қорғау және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру екенін айтқан.

Заңда психологтарға қойылатын талаптар нақтыланып, мемлекеттік тізілім құру және ғылыми негізделген әдістерді қолдану қағидалары енгізіледі. Бұл әлеуметтік желідегі дәлелсіз уәделерге, "карма тазарту", "энергия көтеру", "барлық мәселені бір курс арқылы шешу" сияқты ғылыми негізі жоқ қызметтердің ықпалын азайтуға бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр.

Соңғы жылдары психологиялық тақырыптағы тренингтер мен түрлі коучингтердің қарқынды таралуы қоғамда үлкен пікірталас туғызды. Бір тарап мұны өзін-өзі дамыту құралы деп есептесе, енді біреулер кәсіби психологиялық көмекті алмастыратын қауіпті үрдіс деп санайды.

Жаңа заңның нақты тиімділігі енді оны іске асыру кезеңінде белгілі болады. Егер талаптар толық орындалып, бақылау тетіктері тиімді жұмыс істесе, психологиялық қызмет көрсету нарығында кәсіби мамандардың үлесі артып, жалған кеңес берушілердің мүмкіндігі айтарлықтай шектелуі ықтимал.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.