KZNews.kz
Саясат

Президенттің Нью-Йорктегі жұмыс сапары басталды

Torgyn Abushakhman

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары басталды. Бұл туралы 2025 жылы 21 қыркүйекте Ақорда жазды, деп хабарлайды Kznews.kz

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді.

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және "дөңгелек үстел" форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары