Айдос Мырзахметов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент жаңа қорғаныс министріне әскердегі басқару жүйесін жетілдіруді тапсырды

Президент жаңа қорғаныс министріне әскердегі басқару жүйесін жетілдіруді тапсырды
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдап, тапсырмалар берді

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

“Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін атап өтті”, – делінген хабарламада. 

Президент кәсіби даярлықтың сапасын арттыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде міндеттер жүктеді. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп, Отанға адалдық қасиетін қалыптастыруға баса мән бере отырып, әскердегі тәрбие жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.