Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қазіргі Азаматтық кодекстің өткен ғасырдың 90-жылдарында қабылданғанын еске салды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қолданыстағы Азаматтық кодексті жаңартып, жаңа құжат қабылдау қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, құқық жүйесі инновацияларды енгізу мен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Президенттің пікірінше, құжат сол кезеңдегі міндеттерді орындап, нарықтық экономиканың құқықтық негізін қалыптастыруға елеулі үлес қосты.

«Кодекс өзінің тарихи миссиясын толық атқарып шықты десек, артық болмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол қолданыстағы құжаттың меншік құқығын қорғау қағидатын бекітіп, азаматтық қатынастарды реттеудің құқықтық негізін қалыптастырғанын атап өтті. Алайда кодекс өтпелі кезеңдегі экономикаға арналып әзірленгендіктен, қазіргі заманның талаптарына толық сәйкес келмеуі мүмкін екенін жеткізді.

Президент соңғы 30 жылда әлем мен қоғам түбегейлі өзгергеніне назар аударды. Әсіресе технологиялардың қарқынды дамуы мен экономикалық қатынастардың жаңаруы заңнаманы қайта қарауды қажет етеді.

«Осының бәрін ескере отырып, болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, жаңа кодекс кәсіпкерлердің, инвесторлар мен азаматтардың қызметіне қажетті құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп, жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жұмысын жедел бастауды тапсырды.

«Құрылтай жаңа Азаматтық кодексті келесі жылдың аяғына дейін қабылдаса жөн болар», – деп түйіндеді Президент.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.