KZNEWS.KZ
Әлеумет

Президент жаңадан туған Ақалтеке тұқымды құлындарын көрсетті

• Асқар Алтайұлы
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын көрді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда құлындаған екі биенің төлін тамашалап, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім берді.

«Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген қазақы тәмсілді келтірген Президент жас арғымақтарға желмен жарысқан жүйрік болуын тіледі.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →