9,4 млрд доллар: еліміздің халықаралық резервтері өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент Үндістанға не үшін барады?

Президент Үндістанға не үшін барады?
фото: kznews AI

12-13 қыркүйек күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент Нью-Делиде «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. Сапар аясында Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті ретінде Үндістанға алғашқы сапары болмақ. Дегенмен бұған дейін ол Нью-Делиге 2010 жылғы мамырда Сенат төрағасы қызметінде ресми сапар жасаған.

Жалпы Қазақстан БРИКС-ке толық мүше емес. Алайда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бірлестіктің серіктес мемлекеті мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебе Қазақстанға БРИКС саммиттері мен бірқатар кездесулеріне қатысуға мүмкіндік береді, бірақ шешім қабылдау кезінде толық мүшелермен бірдей құқық бермейді.

Тоқаев БРИКС жиынына алғаш рет қатысып отырған жоқ. 2024 жылы Қазанда өткен XVI саммиттің «аутрич/БРИКС+» отырысында сөз сөйлеген.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.