KZNews.kz
Саясат

Президент Үкімет алдына халықтың өмір сапасын арттыру міндетін қойды

Азамат Қойшығара
AMANAT партиясы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңде орындалуы тиіс нақты міндеттер айқындалған. Бұл туралы AMANAT партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент еліміздің жаңа, шешуші кезеңге қадам басқанын атап өтіп, алдағы Конституциялық реформаның мәні мен маңызына арнайы тоқталған. Мемлекет басшысы адам құқықтары мен ұлттық құндылықтарды қорғауға басымдық берілетінін жеткізген.

Сонымен қатар жиында түрлі салада қордаланған мәселелер көтеріліп, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктелген. Атап айтқанда, инфляцияны төмендету және тұрақты деңгейде ұстап тұру, Салық кодексін белсенді енгізу, цифрландыруды жеделдету, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі мен өндірісті, энергетика, бизнес және логистика салаларын дамыту міндеттері белгіленген.

Дәулет Кәрібектің сөзінше, жиында Үкіметке қойылатын басты талап – халықтың өмір сапасын жақсарту және азаматтардың табысын арттыру екені нақты айтылған.

– Үкіметтің бірінші кезектегі міндеті – ел игілігі және азаматтардың мүддесі үшін еңбек ету. Ең бастысы, елге пайдасы тиетін нақты нәтижеге қол жеткізу, – деді Президент.

AMANAT партиясы Мемлекет басшысының сенімді қоғамдық тірегі ретінде берілген тапсырмаларды нақты әрі сапалы орындау үшін бар күш-жігерін салатынын мәлімдеді. Партия өкілдерінің айтуынша, елдегі береке мен ынтымақ сақталған жағдайда қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік бар.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →