Қазақстан бұл мәртебені алуға Түркістан қаласының кандидатурасын алғаш рет 2026 жылдың мамыр айында Қазан қаласында өткен ИСЕСКО Бас конференциясының 15-сессиясында ресми түрде ұсынған болатын.
Түркістан қаласы 2027 жылы ИСЕСКО (Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы) шешімімен «Ислам әлемінің мәдени астанасы» атанады, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл халықаралық мәртебе Түркістанның әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени маңызын арттыруға, туризмді дамытуға және ислам әлемі елдерімен ғылыми-мәдени байланыстарды нығайтуға жол ашады.
Саммит барысында Президент Қазақстанның түркі және ислам әлемінің ортақ құндылықтарын дәріптеу бағытында атқарып жатқан өзге де ірі жобаларын атап өтті.
Түркістанда «Түркі өркениеті орталығы» мен Дала өркениетін насихаттайтын «Мәңгілік ел» орталығын құру жұмыстары басталды. Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі арнайы Конвенцияны тездетіп қабылдау ұсынылды. Сондай-ақ елімізде отандық және түркі дүниесі ғалымдарының қатысуымен 7 томдық «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты іргелі академиялық еңбек әзірленіп жатыр.