14 сарбаздың қазасы: Олжас Бектенов әскердегі өрескел кемшіліктерді атады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі қонақүй ақыры арзанға сатылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі қонақүй ақыры арзанға сатылды
Фото: hilton.com

29 қазанда өткен аукцион бағаны төмендету тәсілімен ұйымдастырылған.

Алматы қаласындағы бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған DoubleTree by Hilton Almaty қонақүй кешені аукцион арқылы 12,4 млрд теңгеге сатылды. Сауда нәтижесі e-Qazyna электронды порталында жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Нысанның бастапқы құны 38,3 млрд теңге деп белгіленсе, ең төменгі бағасы 8,9 млрд теңгені құраған. Саудаға екі қатысушы өтінім беріп, нәтижесінде қонақүй 12 384 291 448 теңгеге сатылды. Бұл бастапқы бағадан шамамен үш есе арзан.

Қонақүй Алматының Алмалы ауданындағы Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан. Ғимараттың жалпы аумағы 16,2 мың шаршы метрге жуық. Нысанды сатушы ретінде Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көрсетілген.

Алайда аукцион лотына қонақүйдегі жиһаздар мен өзге де жылжымалы мүлік, сондай-ақ Hilton брендін пайдалану құқығы кірмеген.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қонақүй Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған активтер тізіміне енгізілген еді. Нысанды сатуға арналған алдыңғы аукцион нәтижесіз аяқталған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.