Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының дамуы мен Арал мәселесіне тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының дамуы мен Арал мәселесіне тоқталды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысының дамуы мен әлеуметтік жағдайына арналған сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың соңғы жылдардағы жетістіктерін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өскен, ал соңғы үш жылда облысқа 2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, олардың ішінде жаңа жылу электр орталығы іске қосылды.

«Стратегиялық маңызы бар бұл нысан толығымен инвестордың қаржысына салынды. Жылу орталығы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі», – деді Президент.

Сонымен қатар, облыстың инфрақұрылымдық дамуы да ерекше бағаланды. Халықтың 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланып отыр, сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілді. Елді-мекендерге газ құбырларын тарту алдағы уақытта жалғасады.

«Облыстың әуе және темір жол жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ашылды. Қызылорда қаласындағы тарихи темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтті, ал 10 темір жол бекетін жаңғырту жұмысы басталды. Мұның бәрі облыстың логистикалық әлеуетін арттыра түседі», – деді Президент.

Әлеуметтік салада да айтарлықтай жетістіктер бар. Соңғы үш жылда 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды, 40 медицина нысаны ашылды. Президенттің тапсырмасымен Қызылордада 300 орынға арналған көп бейінді аурухана құрылысын басталды. Алдағы уақытта 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады.

«Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі», – деді Мемлекет басшысы.

Президент сөзінде тарихи және экологиялық мәселелерге де назар аударды.

«Өткен ғасырдың ортасында адамзат баласы алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа аттанғаны – бүкіл әлемге белгілі дерек. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи өлке жаңа дәуірде де ойдағыдай дамуда», – деді Тоқаев.

Арал теңізінің жағдайына келер болсақ, Президент оның құтқарылуының өзектілігін атап өтті:

«Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды. Қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады. Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар, су мәселесі тек Қазақстанның өзінде шешілмейтінін, көршілес мемлекеттермен дипломатиялық келісімдердің маңызды екенін айтты. «Көп түйткілдің шешімі су саласындағы шебер дипломатияға байланысты. Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды. Түптеп келгенде, Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.