Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 25 қаңтардағы жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Бұрынғы функцияларынан басқа, қазір Мемлекеттік хатшы:
- мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саяси партиялармен қарым-қатынаста оның мүддесін білдіреді;
- саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
- Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
- «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жұмысын үйлестіреді.