ка

Президент лудоманияға күрес туралы заңға қол қойды

09.07.2024 11:21
0
0
Президент лудоманияға күрес туралы заңға қол қойды

Тоқаев лудоманиямен күрес туралы Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

- құмар ойындарға/бәс тігуге тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді. Олардың қатарына атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер жатады;

- мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілер мен қауіпсіздік қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынды;

- Туризм және спорт министрлігі ойын мекемелері, букмекерлер мен тотализаторлар жұмысының үлгілік қағидаларын бекітетін болады;

- букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың сыртқы жарнамасына тыйым салынады.

Сондай-ақ, олардың көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кинода, бейнежазбада және анықтамалық қызметте жарнамасына тыйым салындады. Букмекерлік кеңсе орналасқан жерде, спорт ғимараттарының ішінде және спортшыларды жабдықтауда, сыртқы жарнама, тіркелген спорттық БАҚ-та, сондай-ақ отандық телеарналардың халықаралық жарыстарды тікелей трансляциялау кезінде жарнамаға рұқсат етіледі;

- лотерея билеттерін таратуға және тұрғын үйлерде, жатақханаларда, ғибадат үйлерінде, мәдениет ұйымдарының ғимараттары мен құрылыстарында, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде, оның ішінде олардан жүз метр радиуста лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынды.

Фото: ашықдереккөз

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий