Қасым-Жомарт Тоқаев Қазмедиа орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқан жастармен кездесті, деп хабарлайды kznews.kz.
Кездесу барысында Президент бұл күннің ел тарихындағы маңызын атап өтіп, науқанға атсалысқан жастарға алғыс айтты.
«Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ол референдум алдында ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілгенін айтып, алдағы саяси науқандарға да тоқталды.
«Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.