Ресейдің тіл саясаты өзгерді: Қазақстанға қандай әсері бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент бірқатар елдің елшілерін тағайындады

Президент бірқатар елдің елшілерін тағайындады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірқатар шет мемлекеттердегі елшілері тағайындалып, дипломатиялық корпуста кадрлық өзгерістер жасалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақорда мәліметінше, Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғызстандағы, Бақыт Батыршаев – Қатардағы, Анель Бақытбекқызы – Мажарстандағы, ал Болат Иманбаев Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды. Осыған байланысты Болат Иманбаев Армениядағы елші қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Қазақстанның Үндістандағы елшісі Азамат Есқараевқа Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непалдағы Қазақстан елшісі қызметін қоса атқару міндеті жүктелді.

Президент жарлығымен Рәпіл Жошыбаев (Қырғызстан), Арман Исағалиев (Қатар), Абзал Сапарбекұлы (Мажарстан) және Мәди Атамқұлов (Сербия) елшілік қызметтерінен босатылды.

Кадрлық өзгерістер туралы толық ақпарат Ақорданың ресми жарлығында жарияланды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.