KZNEWS.KZ
Әлем

Премьер-министр “Жапаров - Қазақстан президенті” деген мемлекеттік хаттама қызметшісін жұмыстан босатты

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мемлекеттік хаттама қызметінің жетекшісі Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұл шешім 19 қазанда белгілі болды. Оның Жапаровты Қазақстан президенті деп қате атаған оқиғамен байланысы болуы мүмкін, алайда бұл ресми расталмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Арменияның «Азатутюн» радиосының хабарлауынша, Гагик Ваноянның қызметтен босатылу себебі ресми түрде жарияланбаған. Үкімет қаулысында да нақты себеп көрсетілмеген. Армения үкіметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеген.

Гагик Ваноян мемлекеттік хаттама қызметін 2022 жылдың желтоқсанынан бастап басқарған. 2026 жылдың тамызында ол бұл лауазымға қайта тағайындалған еді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →