Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

премьер-министр қазақстандықтарға есепшот ашуды тапсырды

премьер-министр қазақстандықтарға есепшот ашуды тапсырды

Қазақстан премьер-министрі табысынан айырылған азаматтарға  есепшот ашу жұмысын қолға алу қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлемінде төлем алуы үшін оларға есепшот ашуды тапсырды.  

"Премьер-министр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандар төлем алуы (42 500 теңге) үшін азаматтарға есепшот ашу жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті", - делінген үкімет басшысының ресми сайтында.    

Мемлекеттік комиссия мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қашықтан оқу мәселесін қарастырды. 

"Білім және цифрлық даму министрліктеріне қашықтан оқыту процесіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді тапсырамын", — деді Мамин.

42 500 теңге төлемді қалай алуға болады

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріне төлем алуға өтініш беру үшін қосымша сервис іске қосылды.

Ол үшін не істеу керек:

  • https://42500.enbek.kz сайтына кіру;"42 500 жәрдемақы алу" дегенді таңдау;
  • өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, email көрсетілген форманы толтыру;
  • форманы жіберу;
  • жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды;
  • SMS хабарлама арқылы жіберілген кодпен телефон нөмірін растау;
  • Өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы деректерді тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемді тағайындау және төлеу туралы ақпарат жіберіледі.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан