"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Полиция блогер Daricorn-ды кезекті видеосы үшін жауапкершілікке тартты

Полиция блогер Daricorn-ды кезекті видеосы үшін жауапкершілікке тартты

Танымал блогер Дарикорн тағы да басы дауға қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы жол ережесін бұзып, төтенше жағдай туғызатын іс-әрекет жасаған. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, блогер жол қозғалысы ережелерін демонстрациялық және арандатушылық сипатта бұзғанын анықтаған. Белгі бермей, кенеттен жолақты ауыстырып, төтенше жағдай тудыратын видео түсірген.

"Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлігі ("Дабыл беру талаптарын орындамау") және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606-бабының 1-бөлігі ("Төтенше жағдай жасау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды” — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД.

Сондай-ақ, мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіретінін ескертті. 

"Мұның барлығы интернеттегі лайк пен комментарий үшін жасалады. Атақ-даңқ, ақша, оқырманы көп болса да жауапкершіліктен босатпайды. Заң бәріне бірдей.
Біз азаматтарды жауапкершілік пен тәртіпке шақырамыз. Қауіпсіздік – ойын немесе әлеуметтік контент емес. Бұл – әркімнің жауапкершілігі”, – делінген ведомствада. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.