Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азаматты елден қууды талап етті

Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азаматты елден қууды талап етті
Алматыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісін ұрған Түркия азаматы Қазақстаннан қуылуы мүмкін. Бұл туралы қалалық полиция департаментінеің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Али Демир, Николай Кучма. Фото: time.kz, видеодан скриншот

2 қараша күні Алматы полициясы қалалық соттардың бірінен Түркия азаматын Қазақстаннан қуып жіберуді талап еткен. Жедел жәрдем көлігіне келіп, оның жүргізушісін аямай ұрып тастаған Али Демир енді елімізден шығарылуы мүмкін. Осыған дейін ол жол ережесін және көші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Ал жұртты шулатқан жағдайдан соң желі қолданушылары шетелдікті елден шығарып жіберуді талап еткен. Алайда полиция барлығын сот шешетінін жеткізген еді. Демир өз кінәсін мойындап, кешірім сұрағанымен, жауапкершілікке тартылған.
Автор
Мадияр