Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Полиция Страсбург орталығында жұртқа оқ атқан ер адамды атып өлтірді

Полиция Страсбург орталығында жұртқа оқ атқан ер адамды атып өлтірді

2018 жылғы 14 желтоқсан 08:26 148

СТРАСБУРГ. ҚазАқпарат - Страсбург қаласының орталығында атыс жасады деген күдікке ілінген Шериф Шекат бейсенбі күні таңертең өлтірілді. Бұл туралы Франция елінің ішкі істер министрі Кристоф Кастанер баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Министрдің айтуынша, бейсенбі кешінде үш адамнан құрылған полиция жасағы Страсбург көшелерінің бірінен іздеуде болған қылмыскерге ұқсас ер адамды байқаған.

Тәртіп сақшылары оны тоқтатпақ болған, бірақ Шериф Шекат оларға қарай оқ жаудыра бастаған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оған оқ атып, қылмыскерді өлтірді.

Еске салсақ, сейсенбі күні кешкілік Страсбург қаласының орталығында, рождестволық жәрмеңкеге жақын маңда адамдарға атыс қаруынан шабуыл жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 13 адам жарақаттанды. Ел билігі бұл қылмысты лаңкестік актісі деп таныды. 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Мадияр