Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырған - Қазақстан жаңалықтары

Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырған - Қазақстан жаңалықтары

Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департамент басшысының орынбасары Татьяна Горлова мәлім етті. Айтуынша, қазір облыста коронавирус жұқтырған 18 адам тіркелген. Олардың екеуі - Қызылжар ауданында, төртеуі - Тайынша ауданында және тағы 12-і Петропавлдың өзінде анықталыпты. 

"14 жасқа толмаған екі бала, 15-19 жас аралығында бір жасөспірім, 20-29 жас аралығында үш адам, 30-39 жас аралығында екі науқас, 40-49 жас аралығында бес ересек, 50-59 жас аралығында төрт азамат, 60 жастан жоғары бір қарт адам ауруға шалдыққан. Олардың арасында бес медицина қызметкері мен төрт мемлекеттік қызметкер бар", - дейді басқарма басшысының орынбасары. 

Қазір аймақта ауруға шалдыққан бір қария бар екен. 

"86 жастағы әжей өзінің медициналық қызметкер болып істейтін қызымен байланыста болған. Екеуі бір палатада, станционарда жатыр. Жағдайлары - қанағаттандырарлық", - деп қосты Горлова. 

Сондай-ақ ол ауру анықталған бес жастағы бүлдіршін әкесімен бірге Мысыр еліне сапар шегіп келген. Қазір екеуі де дәрігерлердің жіті бақылауына алыныпты.


Өскеменде екі жүзге жуық адаммен байланыста болған әжейдің коронавирусқа шалдыққаны анықталды


stan.kz
Автор
Еркебұлан