KZNEWS.KZ
Қоғам

Петропавлда ащы кеспе жеп, артынан энергетик ішкен ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының көпбейінді ауруханасының дәрігерлері ауруханаға ауыр жағдайда түскен ер адамның өмірі үшін 12 күн бойы күрескен,, деп хабарлайды kznews.kz

Дәрігерлер 20 күн ішінде емдеп жазған ер адам дәрігерлерге алғыс айтқан.

Петропавл қаласындағы СҚО-ның көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы панкреатит ауруының қаншалықты ауыр болатынын, ал дәрігерлердің айтқанын орындамаса, арты жаман болатынын тағы бір еске салып отыр.

«Пациенттің сөзінше, мұндай асқынулар бұрын да болған, бірақ осыншама ауыр түрі болмаған екен. Осы жағдайдың алдында ол диетаны бұзған, кола мен энергетик ішкен, ащы кеспе жеген. Түнгі уақытта іші қатты ауыра бастаған. Науқас таңертеңге дейін шыдауға тырысқанымен, түнде қатты ауырып, жедел жәрдем шақырған», - деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Науқастың жағдайы тез нашарлап, шұғыл операция жасалған. Өздігінен тыныс ала алмай, аппартқа қосылған. Жансақтау бөлімінде 12 күн жатып, 20 күн ішінде жазылып шыққан.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →