Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Петропавл қаласының бірнеше мектебіне шабуылдаймыз деп әлеуметтік желіде жазба қалдырғандарды іздестіріп жатыр.
Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы лезде таралып кеткен жазбада белгісіз біреулер шабуылды 19 ақпан, дүйсенбі күні жасайтынын жазған.
Айтуынша, нысанада Петропавлдағы № 13,32,4,10,23,9 мектептер және Бэст гимназиясы.
«Оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша қажетті шаралар қолға алынды. Бір күн бұрын полицияға қала мектептерінің оқушыларына қауіп төндіретін посттар орналастырылған анонимді Telegram-арнаның бар екендігі туралы ақпарат келіп түсті. Осы жарияланымдардың авторын анықтап, мазмұнын тексеруге облыстық және қалалық полицияның жедел қызметтері мен бейінді бөлімшелерінің қызметкерлері тартылды. Бұл мәселе полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында» делінген хабарламада.