Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Пермь облысында шахтадағы өрт құрбандарын аза тұтып жатыр

Пермь облысында шахтадағы өрт құрбандарын аза тұтып жатыр

Ресейдің Пермь облысында 24 желтоқсан күні Соликамск ауданындағы шахтада шыққан өрттен қаза тапқандарды аза тұтып жатыр. "Уралкалий" компаниясына қарасты шахтада шыққан өрттен тоғыз кенші жердің 360 метр тереңдігінен шыға алмай, қаза тапқан.

Пермь облысының губернаторы Максим Решетников 24 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады. Бұл күні қалада мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсіріліп, мәдени және ойын-сауық шаралары болмайды.

Желтоқсанның 22-і күні таңертең Соликамск ауданындағы тау-кен шахтасындағы кеніште салынып жатқан құрылыс жұмыстары барысында өрт шығып, салдарынан сол кезде шахтада болған мердігер ұйымның тоғыз қызметкері қаза тапқан. Қаза тапқандардың денесін құтқарушылар 23 желтоқсан күні жер бетіне шығарған.

Ресей Тергеу комитеті қылмыстық кодекстің "Тау-кен, құрылыс және өзге жұмыстарды атқару кезінде екі және одан көп адамның өліміне апарып соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғаған. Құқық органдары мердігер ұйымның төрт қызметкерін ұстаған.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Жандос