Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Перизат Қайрат колонияда немен айналысады?

Перизат Қайрат колонияда немен айналысады?

Сотталған Перизат Қайрат алдағы уақытта тергеу изоляторынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне этапталады, деп хабарлайды Kznews.kz

Бұл туралы ішкі істер вице-министрі – ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Перизат Қайрат колонияға жеткізілгеннен кейін белгіленген карантиннен өтеді. Осыдан соң мамандар оның еңбекке қабілеттілігін анықтап, сәйкес жұмыс түрін таңдайды.

Қайырбековтың сөзінше, сотталған азаматша түрлі жұмыстарға – соның ішінде тігін цехында немесе мекеменің шаруашылық бөлігінде еңбек етуге тартылуы мүмкін.

- Ең төменгі жалақыны олар кез келген жағдайда алады, – деді ол.

СОТ ҮКІМІ ҚАНДАЙ ЕДІ?

Өткен жылғы тасқын кезінде халықтың көмегіне жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайратқа сот 10 жыл, анасына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.