Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

People журналы 2018 жылдың ең тартымды ер адамын атады - Мәнер

People журналы 2018 жылдың ең тартымды ер адамын атады - Мәнер

Британиялық актер, "Лютер" сериалының жұлдызы Идрис Эльбаны People журналы 2018 жылдың ең тартымды ер адамы деп атады.

"Мен ойланып қалып "Шын ба, мүмкін емес. Шынымен бе? деппін", - деп пікір білдірген актер журнал мұқабасындағы суретін көрген сәтте.

46 жастағы Эльбаның айтуынша, мұндай мақтау оған қуанышты тосынсый болып, өз-өзіне сенімін арттырған. "Айнаға қарап, өзімді көрдім де: "Иә, бүгін сен тартымдысың" деп айттым", - дейді актер.

Эльба мына рөлдерімен танымал: "28 недель спустя" үрейлі фильміндегі бригада генералы Стоун, "Рок-н-рольщик" криминал комедиясындағы "Дикая шайка" лондондық бандасының мүшесі, "Мальчики-налетчики" криминал боевигіндегі банда басшысы Гордон Козье және Лютер психологиялық детектив сериалындағы Лютер.

People журналы жылдың тартымды ер адамын 1985 жылдан бері таңдап келеді. Сол уақытта бұл титулға 29 жастағы Мэл Гибсон ие болған еді. 2017 жылы журналдың нұсқасы бойынша америкалық кантри-әнші Блейк Шелтон ең тартымды атағына ие болған.


Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары