Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Forbes 2018 жылдың ең бай әншілерін атады - Әуен

Forbes 2018 жылдың ең бай әншілерін атады - Әуен

Forbes журналы әлемдегі көп ақы төленетін әншілердің рейтингін құрды. Бірінші орында Кэти Перри тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кэти Перри Witness: The Tour концерттік турының арқасында 83 миллион доллар тауып, өткен жылғы рейтингтегі тоғызыншы орыннан біріншіге көтерілген. 

Екінші орында Тейлор Свифт болды. Оның табысы 80 миллион долларға бағаланды. Forbes тілшісі әншінің жетістігіне Reputation альбомы маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Себебі альбом шыққан соң бір апта ішінде оның шамамен екі миллион данасы сатылған. 

Үшінші орынды 60 миллион доллармен Бейонсе иеленді. Төртінші кезекте Pink тұр. Ол бір жылда 52 миллион доллар табыс тапқан. Ал бесінші Леди Гага (50 миллион доллар).

Алғашқы ондықтың қатарына Дженнифер Лопес, Рианна, Хелена Фишер, Селин Дион және Бритни Спирс кірді.

Автор
Санжар