"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі деген күдікті ұсталды

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі деген күдікті ұсталды

Павлодарда кәсіпкерлерден 52 миллион теңге бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі болуы мүмкін күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kzсайтына сілтеме жасап.

Күдіктіні 15 сәуірде Павлодардағы Ткачев көшесі бойындағы бассейндердің бірінің маңында Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері мен ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстағаны айтылды.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының бопсалауы" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Жедел уәкілдер ұйымдасқан қылмыстық топтың 54 жастағы жетекшісі топта әрекет етіп, 40 жастағы павлодарлық азаматпен алдын ала келісіп, ЖШС-ның бас директоры мен оның орынбасарына психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып-үркітіп, 52 миллион теңгеден астам қаражатты аударуды талап еткенін анықтады", - деді Павлодар облысы ПД басшысы Василий Скляр.

Айта кетейік, Павлодар облысында жыл басынан бері бопсалаудың алты дерегі тіркелген. Полиция өкілдерінің айтуынша, бәрі анықталған.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары