KZNEWS.KZ
Аймақ

Павлодарда “орысша сөйлеңдер!” деген әйелге оқушылар Әнұран айтып, ұялдырды

Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: kznews AI

Threads әлеуметтік желісінде Павлодардағы қоғамдық көліктердің бірінде болған видео кеңінен таралып жатыр. Онда әйелдің “орысша сөйлеңдер” дегеніне спортшы балалардың Әнұран айтып жауап қатқанын көруге болады, деп хабарлайды kznews.kz.

Пікір жазушылардың басым бөлігі дау дамайсыз шешім шығарған балалардың әрекетін дұрыс деп жазып жатыр. 

Видеоны таратқан аккаунттың жазуынша спортшы балалар Жетісу облысынан жарысқа келген. Олар сыпайылық танытып ешкіммен жанжалға бармаған. 

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →