Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысында колониядан қашқан ер адам ұсталды

Павлодар облысында колониядан қашқан ер адам ұсталды

Павлодар облысында колониядан қашқан ер адам Ақсуда ұсталды, ол ұсталу кезінде өзіне дене жарақатын салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рavlodarnews порталына сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, колониядан қашқан ер адам қазіргі таңда ауруханада жатыр.

"Павлодар облысы Ақсудағы Қамзин көшесінде орналасқан пәтерде ұсталған ер адам өзіне дене жарақатын салып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Осыдан кейін ол Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді", - деді ведомстводағылар.

Қазіргі таңда ер адамның жағдайы тұрақты, ол облыстық аурухананың хирургия бөлімінде жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында ер адамның қоныс колониясынан қашып кеткені хабарланған еді. Оқиға Павлодар облысы Шідерті ауылы АП - 162/10 мекемесінде болған. Бұл қауіпсіздік деңгейі минимал мекеме және мұнда сотталушылар мекемеден тыс жерлерге бара алады. Олар жұмысқа барады, дүкенге темекі алуға барады. Бірақ сотталушы 3 қарашада таңғы уақытта колония аумағынан өз бетінше шығып кеткен.

Ер адам 2015 жылы сотталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") жазасын өтеп жатқан және жазда ол қоныс колониясына ауыстырылған.

Автор
Мадияр