KZNews.kz
Саясат

Павлодар облысында ірі жол апаты болып, 2 адам қаза тапты (видео)

Торғын Абушахман

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 11 қазан күні Омбы-Майқапшағай тасжолында болған.

”Ауа райының қолайсыз жағдайында ВАЗ-2110 маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, бетпе-бет соқтығысқан”, – делінген хабарламада.

Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

 
Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →