Павлодар облысында әже мен немересі екі жыл бойы 2 мәйітті жасырып өмір сүрген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысында әже мен немересі екі жыл бойы 2 мәйітті жасырып өмір сүрген

Павлодар облысында әже мен немересі екі жыл бойы 2 мәйітті жасырып өмір сүрген
Фотоиллюстрация: Kznews

Павлодар облысының Майқайың кентінде жеке үйден екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы @syrmediakz каналына сілтей отырып kznews.kz порталы хабарлайды.

Тексерістің басы кенттегі бір кісінің ұзақ уақыт бойы дәрігер қабылдауына келмеуінен кейін басталған. Полицейлер іздеп барған үйде туыстары болған, алайда олар құқық қорғау қызметкерлерін үйге кіргізуден бас тартқан.

Нәтижесінде полиция екі үйі бар аумақты тексеру кезінде мәйіттерді анықтады. Үйлердің бірінде әжей алты жастағы немересімен бірге тұрған.

Қыз бала Майқайың кентінің ауруханасына жеткізілді. Кейін оны Екібастұз қаласындағы «Үміт» қолдау орталығына ауыстыру жоспарланып отыр.

Әлеуметтік желілерде әжей мәйіттерді ұзақ уақыт бойы бал және маймен өңдеп келген болуы мүмкін деген ақпарат тарауда. Алайда бұл мәліметтің рас-өтірігі ресми түрде нақтыланбады.

Бейресми дереккөздер мәйіттің бірі қария кісі болғанын, ал екіншісі әйел азамат болғанын анықтаған. 

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.